Қырғызстанда шетелдік азаматтар да медициналық сақтандыруға міндетті болады. Бұл туралы Жогорку Кенеш отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Жарқынбек Қасымбеков мәлім етті.
Оның айтуынша, жұмыс істейтін шетелдіктер үшін құжат полисі 18 104 сом тұрады.
«Студенттер келісімшарттың 10 пайызын төлейді», – дейді Жарқынбек Қасымбеков.
Оның айтуынша, Қырғызстанда 4,6 миллион адам медициналық сақтандыруға ие. Оның 67 пайызы жәрдемақы алушылар, 18 пайызы жұмыс істейтін азаматтар.