130 мыңнан астам әскери қызметшілер сайлауда дауыс берді
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты жанынан ашылған сайлау учаскесінде 400-ден астам курсант дауыс беру үшін тіркелген. Оның ішінде 34 курсант алғаш рет сайлауға қатысты.
«Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқығымды пайдалана отырып, алғаш рет ел Президентін сайлауға қатыстым. Өз дауысымды бере отырып, елімнің өркендеуі мен болашағының жарқын болуына үлесімді қостым деп ойлаймын, – деп атап өтті 1 курс курсанты Димаш Сұлтаналиев.
Оқытушылар құрамы мен олардың отбасы мүшелері тұрғылықты мекенжайы бойынша сайлауға қатысты.
«Сайлау бекітілген заңнамаға сәйкес өтті. Институттың жеке құрамы белсенділік танытты», – деп атап өтті әскери институт бастығы полковник Кайрат Даутов.
Жалпы еліміз бойынша барлық сайлау учаскелерінде 130 мыңнан астам әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері және курсанттар дауыс берді.