Қазақстан Қырғызстаннан балмұздақ импортын 3,6 есеге арттырды. Мұндай мәліметтерді Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің Ұлттық статистика бюросы келтіріп отыр.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы кезеңде қазақстандықтар көрші елге 519,9 миллион доллардың тауарын сатқан. Биылғы сауданы былтырғымен салыстыратын болсақ, өсім 7,7 пайызды құрап отыр.
Еліміздегі экспорттаушылар Қырғызстанға сусындар, смартфондар, темекі, құс етін және макарон өнімдерін сатты. Бұл тауарларды сату 2,3 есеге өсті.
Елімізге Қырғызстаннан сүт өнімдері (+23,9 пайыз), балмұздақ (3,6 есеге өсім) және темір торлар (өсім 3,5 есе) әкелінеді.