Биыл 17,2 мың жұмысшының құқығы қорғалды

Жарияланды
Оларға 4 млрд 234,1 млн теңге төленді

Биылғы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 781 кәсіпорнында 18,9 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 359,2 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбекмин баспасөз қызметі хабарлады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 719 нұсқама беріліп, 130,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 17,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 234,1 млн теңге төленді.

Сондай-ақ оқыңыз