Биылғы он айда елімізде 88 064 автомобиль жасалды

Жарияланды
Бұл былтырғы қазандағы нәтижемен салыстырғанда 25,4% көп

Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығы (ҚАБҚ) берген мәлімет бойынша қазан айында 9 623 техника шықты, бұл былтыр қазандағы нәтижемен салыстырғанда 25,4% көп. Биыл оң айда Қазақстан аумағында жалпы сомасы 902,4 млрд теңге құрайтын 88 064 техника жасалған. Өндіріс көлемі 2021 жылғы қаңтар-қазан аралығындағы көрсеткіштен 23,6% жоғары. Бұл туралы Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығы хабарлады.

Бұған жеңіл автомобиль өндірісі артқаны себеп болған, биыл 80 251 (+29,9%) машина шықты. Одан бөлек елдегі зауыттар 5 916 дана жүк көлігі, 552 тіркеме мен жартылай тіркеме және 363 басқа арнайы техника өндірді. Өнімдері Қазақстанда шығатын ең танымал бес бренд қатарында Chevrolet (31 063 дана), Hyundai (28 863 дана), Kia (11 480 дана), JAC (5 764 дана) және Lada (4 872 дана) бар. Сұраныс жоғары модельдер – Chevrolet Cobalt, Hyundai Tucson және Chevrolet Nexia.

10 ай қорытындысы бойынша Қостанайда орналасқан «СарыарқаАвтоПром» мамандары жалпы құны 463,2 млрд теңге болатын 54 113 (+22,7%) техника құрастырып, рекорд жасады. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan бағасы 395,9 млрд теңге құрайтын 28 863 дана жеңіл көлік шығарды. Семейлік СемАЗ клиенттеріне 22,1 млрд теңге тұратын 1 832 (-44,5%) коммерциялық техника жөнелтті. Көкшетаудағы КАМАЗ-Инжиниринг 986 (-20,2%) жүк көлігін жасады. Hyundai Trans Auto зауыты 858 (+34,7%) жүк көлігі мен автобус құрастырды. QazTehna мен Daewoo Bus Kazakhstan сәйкесінше 309 және 167 автобус шығарған.

Сондай-ақ оқыңыз