Жаңалықтар

Елімізде соңғы 19 жылда депозиттер бойынша кепілді өтем мөлшері 25 есеге өсті

Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесінде 19 екінші деңгейлі банк бар

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (бұдан әрі – ҚДКБҚ) соңғы 19 жылда теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы көлемін 25 есеге ұлғайтты деп хабарлады Қордың баспасөз қызметі. Яғни, 2003 жылдан бері ҚДКБҚжеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік сомасын бес рет қайта қараған.

Қайта қарау нәтижесінде теңгелік депозиттер бойынша кепілдік сомасы  2003 жылы 400 мың теңгеден бүгінгі күні 10 миллион теңгеге дейін  25 есеге өсті. Қор мен салымшылар үшін 2018 жылы жинақтаушы теңгелік депозиттердің айналымға енгізілуі маңызды оқиға болды, олар бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері 15 миллион теңге деңгейінде бекітілсе, ал ағымдағы жылдың басынан бері ол 20 миллион теңгеге дейін өсті.

Жинақ салымдары бойынша кепілдіктің шекті сомасын ұлғайтқаннан кейін бір банкте жинақ салымы да, депозиттің басқа да түрлері бар салымшылар үшін жалпы кепілдік сомасы автоматты түрде 20 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Осылайша, бүгінгі күні кепілді өтем мөлшері мынадай:

•  теңгедегі жинақ салымдары бойынша – 20 млн теңге;

•  карталар, шоттар және теңгедегі басқа депозиттер бойынша –10 млн теңге;

•  картлар, шоттар және шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңге.

«ҚДКБҚ кепілді өтем мөлшерін Халықаралық валюта қоры мен IADI Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығының ұсыныстарын басшылыққа ала отырып бағалайды және анықтайды. Олардың нормалары бойынша толық өтелетін депозиттер саны 80-90% аралығында болуы керек. Қазақстанда кепілдік жеке тұлғалардың депозиттік шоттарының 100%, ал шоттардың 99,8%-ын толығымен қамтиды. Олардың ішінде шоттардың 86% ұлттық валютада ашылған», – деп Майра Әбдіраманова сөзін толықтырды.

Айта кету керек, Қазақстандағы депозиттерге кепілдік мөлшері ТМД елдерінің арасында ең жоғарылардың бірі болып табылады. Мысалы, Арменияда 16 миллион драм (18,8 миллион теңге), Қырғызстанда – 200 000 сом (1,1 миллион теңге), Ресейде (РФ заңнамасында көзделген эскроу шоттары мен арнайы шоттарды/депозиттерді қоспағанда) – 1 400 000 рубль (10,7 млн ​​теңге), Тәжікстанда – 30 000 сомони (1,4 млн теңге), Украинада – 200 000 гривен (2,5 млн теңге).

Қазіргі уақытта ҚДКБҚ кепілдігімен төмендегілер қорғалады:

• талап етуге дейінгі депозиттер;

• шартты депрозиттер;

• тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі салымдар;

• AQYL мемлекеттік сыйлығымен білім беру жарналары;

• қатысушы банк лицензиясынан айырылған күнге есептелген депозиттер бойынша сыйақы;

• ағымдағы шоттардағы және төлем карталарындағы ақшалар.

Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесінде 19 екінші деңгейлі банк бар. Олардың тізімін мына жерден  табуға болады.

ҚДКБҚ қызметі туралы қосымша ақпаратты әрқашан 1460 тегін қысқа нөмірі арқылы, www.kdif.kz сайтынан, сондай-ақ info@kdif.kz электрондық поштасына сұрау жіберу немесе @kdif_ask Телеграм-чатында сұрақ қою арқылы білуге ​​болады.