Бүгінде қыз-келіншектер өздері туралы стереотиптерді бұзып, табысты кәсіпкерге қажет қасиеттерге ие екенін дәлелдеп жүр. Дегенмен, бұл мәселені байыппен қабылдаған жөн. Іскер әйел (бизнес-леди) болу үшін сізге көп уақыт пен күш жұмсау керек болады. Іскер әйел, көшбасшы және нағыз маман болу үшін мықты мінез бен бірқатар қасиет керек. Бүгінгі мақалада нағыз іскер әйел болудың жолдарын айтамыз.
1. Табысқа жеткен әйелдер туралы ақпарат оқыңыз.
Көптеген қыз-келіншектер мансапты нөлден жасайды. Олардың әңгімесі мен өмірбаяны мотивация береді. Басқа адамдардың тағдырымен танысу табысқа жету жолы қандай болатынын және сізді қандай кедергілер күтіп тұрғанын жақсы түсінуге көмектеседі.
Табысқа жеткен әйелдердің өмірбаянын оқыңыз. Мұндай кітаптарда кәсіби тәжірибе мен өмірге батыл көзқарастың көптеген құпиялары бар.
2.Шағын зерттеу жасаңыз.
Іскер әйел болудың келесі қадамы – сізді шабыттандыратын адамдармен жақынырақ танысу. Мансап құруды жоспарлаған салада табысты әйелдерді зерттеңіз. Бұл нақты практикалық қадамдар туралы түсінік береді.
• Сіздің жұмыс істеп жатқан салаңыз бойынша іскер әйелдер қандай мектептер мен курстарға қатысқанын біліңіз.
• Бұл әйелдерді жетістікке не әкелгенін түсінуге тырысыңыз.
3.Отбасы мен жұмысты бірге алып жүру жайын ойланыңыз.
Әйелдер үшін ең үлкен мәселе – жұмыс пен отбасылық өмір арасындағы тепе-теңдік. Әдетте қыздар табысқа жетуге тырысқанда бала босанатын жаста болады.
Сол үшін тепе-теңдікті сақтаудың ең жақсы жолы – ата-аналарға қолайлы әлеуметтік саясатты ұсынатын компанияны табу. Оның ішінде икемді жұмыс уақыты және қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі.
4.Өз жұмысыңызды жоғары бағалаңыз.
• Келіссөз жүргізуді және дағдыларыңызды сатуды үйреніңіз.
• Жалақы ұсыныстарын бірден қабылдамау. Егер сізді бағаламады деп ойласаңыз, келіссөздерді жалғастырыңыз.
• Жалақыны көтеруді сұраудан қорықпаңыз. Егер жалақы сізді қанағаттандырмаса, компанияның жетістігіне қосқан үлесіңізді еске салуға дайын болыңыз.
5.Өзіңізге сенімді және төзімді болыңыз.
Сіз өзіңізді қалай сезінсеңіз, адамдар сізді де солай қабылдайды. Әйел сенімділік танытқанда, ол басқаларға беріледі. Бұл жағдайда сіз өзіңізге сенімді болуыңыз керек.
Бизнестегі әйелдерге қатысты ең тұрақты стереотиптердің бірі – олардың әлсіз және эмоционал екені. Бұл стереотиптерді жеңудің ең жақсы жолы – оларды жоққа шығару. Табиғатынан қыздарға тән қасиеттерді дамыту: табандылық, ұзақ уақыт бойы бір тапсырмаға назар аудара білу, адалдық.
Құрметке ие және іскер ханым болу үшін, талапшыл болыңыз.
6.Жоспар құрып және сол жоспармен жүріңіз;
Табыс – ұзақ мерзімді жоспарлау мен күнделікті әрекеттің нәтижесі. Дұрыс жоспар құру-уақытыңызды бақылауға көмектеседі.
- Мақсат қойыңыз. Оны күнделікті шағын қадамдарға бөліңіз. Күнде атқарылатын істер тізімін жасаңыз.
- Басқа тапсырманы бастамас бұрын бір тапсырманы аяқтаңыз. Көп тапсырма шамадан тыс бағаланады деген дұрыс емес. Бұл жұмыста үлкен қателіктерге әкеледі.
- Маңызды нәрсеге назар аударыңыз. Ұзақ мерзімді мақсаттарыңызды еске түсіріңіз және қажет болған жағдайда оларды қайта қарап шығыңыз.
7.Шығармашылықты ұмытпаңыз.
Шығармашылық – қиял, интуиция, логиканы дұрыс пайдалану қажет ететін іс-әрекет. Сіздің бизнесіңізде ерте ме, кеш пе, жоспарға сай келмейтін сәт болады. Сол кезде креативті ойлау қажет болады. Шығармашылық, жаңашыл ойлау, өзіндік ерекшелік көрсету керек.
Идеяны дамыту үшін:
- Жаңа таныстар
- Кітап оқу
- Күнделік жүргізу
- Медитация
- Шығармашылық жаттығу жасау керек.