Интернет кеңістігінде қысқа мерзім ішінде жоғары табыс көзі туралы және үміткерге саусақпен санаулы талаптар қоятын хабарландыруларды жиі кездестіруге болады. Бұл туралы Fingramota.kz толығырақ айтып береді.
Мұндай хабарландыруларда ақша аударымдары және қолма-қол ақшаға айналдыру, құжаттар ресімдемей, яғни ешқайда тіркелмей, толық «қашықтан» режиміндегі жұмыс ұсынылады. «Жұмыс берушілер» «бірнеше сағат ішінде жақсы табыс», «тексерулерсіз және құжаттар толтырмай жұмысқа орналасу», «жоғары табысқа кепілдік» деген сөздерді жиі пайдаланады. Олар не жалақыны көрсетпейді, не болмаса бір-екі сағат жұмыс үшін көп ақша ұсынады. Алаяқтық бос жұмыс орындарында ізденушіге ақша аударуды жүзеге асыру және жұмыс берушімен онлайн іс-әрекетке түсуден басқа, не білімінің деңгейі, не жұмыс тәжірибесі бойынша қойылатын нақты кәсіби талаптар көрсетілмейді. Есіңізде болсын, жұмысқа қабылдайтын мұндай адамдарды дропперлер немесе дроптар деп атайды.
Дроппер немесе дроп – бұл алаяқтар ұрлаған ақша үшін өзінің банк картасын «транзиттік» картаға айналдыруға келісетін адам. Карточкасын үшінші тұлғалар пайдаланғанын білмеген ондай адам алаяқтық объектісіне айналуы мүмкін. Осылайша, дроп өзінің қылмыстық схемаға тартылғанын әрдайым түсіне бермейді, өйткені алаяқтар әдетте өз әрекеттерін «заңды бизнес» ретінде жасырады.
Дропты әр түрлі шоттар арасында заңсыз алынған ақшаны аудару үшін жалдайды. Бұл қылмыскерлерге іздерін жасыруға және тергеу жұмысын қиындатуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда алаяқтық аударымдар әр түрлі елдерде және әр түрлі адамдардың атынан жасалуы мүмкін. Дроппер өз жұмысы үшін қаскүнемдер оның көмегімен аударған ақшаның пайызын ала алады.
Онлайн-алаяқтықты тергеу кезінде тергеушілер бірінші кезекте дроптарға шығады. Әдетте, олар қылмыскерлердің сыбайлас қатысушыларына айналады және ҚР Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» 190-бабына сәйкес бас бостандығынан айыруға дейін тиісті жаза алуы мүмкін.
Алаяқтар дроптарды курьер ретінде жиі пайдаланады. Олар бос жұмыс орны туралы хабарландыруды жұмысқа орналастыру сайттарына орналастырады, керекті кандидат табылған кезде, алаяқтар одан «қауіпсіздік тексеруінен өту» үшін, жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін, ал кейде «жалақы аудару» деген сылтаумен, төлем картасының сканерленген көшірмесін онлайн жіберуді сұрайды. Содан кейін алаяқтар қайта хабарласпай, ғайып болады, ал құжатын жіберген адамның құжаттары мен карточкасын өзінің жеке басының пайдасына асырады.
Әдетте, дропперлер тез және жеңіл ақша таба аламын деп сенетін, ақшаға өте мұқтаж және кез-келген жұмысқа келісетін азаматтар болады. Алаяқтар мұны жақсы біледі және пайдаланады. Сондықтан олар көбінесе дропперлерге кандидаттар ретінде студенттерді, жұмыссыздарды, мүмкіндігі шектеулі топтардың өкілдерін, соның ішінде қарт азаматтарды тартуға тырысады.