Жаңалықтар

Елімізде қылмыстық құқық бұзушылықтар саны өсті

Мемлекетке 2 млрд теңге шығын келді

Елімізде 2022 жылдың қаңтар–қазан айларында қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) байланысты 42 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 55,6% көп.

Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде республика бойынша секторда 27 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25% аз.

Өңірлер бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтардың үштен біріне жуығы Алматыда тіркелген: 13 оқиға — бір жыл бұрынғыдан бірден 2,6 есе көп.

Одан кейін Алматы облысы (7 жағдай) мен Астана (6 жағдай).

Сектордағы құқық бұзушылықтар ҚР-ның 20 өңірінің 15-де тіркелген. Мұндай құқық бұзушылықтар жаңадан құрылған Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында, сондай-ақ Қарағанды, Жамбыл облыстарында тіркелген жоқ.

Биылғы қаңтар–қазан айларында аталған құқық бұзушылықтар бойынша келтірілген шығынның белгіленген мөлшері 3 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан екі есе көп.

Мемлекетке 2 млрд теңге шығын келді. Бір жыл бұрынғыдан 31,6% артық. Қалған 1 млрд теңге жеке тұлғаларға, 25 млн теңге заңды тұлғаларға келтірілді.