Ақылы жолдардан 25 миллиард теңгеге жуық кіріс түсті. Түскен қаражатты ең алдымен жолдардың өзін және ақы алу жүйелерін ұстауға жұмсау жоспарлануда, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Қазақстанда 11 ақылы бөлімше бар. Олардың ұзындығы 2 мың шақырымнан асады. Олар соңғы 8 жылда кезең-кезеңімен жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін республикада көліктің барлық түрінен ай сайынғы төлемақы енгізіледі.