БЖЗҚ: жыл басынан есептелген инвестициялық табыс – 672,6 млрд теңге

Жарияланды
Жинақталған кірістілік инфляциядан асып түсті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 қарашада 14,1 трлн теңге болды. Жыл басынан есептелген инвестициялық табыс – 672,6 млрд теңге. Зейнетақы активтері бойынша ҚР Ұлттық Банкі қамтамасыз еткен соңғы 12 айдағы кірістілік (2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы қазанға дейін) – 5,97%.

Соңғы бес жылдағы (2017-2021) зейнетақы активтерінің кірістілігін талдай отырып, оның жыл сайын инфляциядан жоғары болғанын байқауға болады.

2014 жылдан бастап (барлық зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру уақыты) 2022 жылғы қазанға дейінгі кезеңде жинақталған инвестициялық табыс 6,7 трлн теңгені құрады. Ал зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі 115,2% инфляция кезінде 119,5% болды.

Егер одан да ұзақ уақыт аралығын алсақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) 2022 жылғы 1 қарашадағы инвестициялық кірістілік өсімді жиынтығымен бірге бүкіл кезеңдегі инфляция 658,01% болған кезде 718,78% жетті.

Жоғарыда келтірілген деректер зейнетақы жинақтары ұзақ мерзімді инвестициялар болып табылатынын және инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде 1 (бір) жыл кезеңіне талдаған жөн екенін көрсетеді. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) – айқын нәтиже көрсетпейді, өйткені, ол нарықтың үнемі құбылмалылығына тәуелді. Орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі.

Жекелеген кезеңдегі табыстылықтың төмендеуі төлемдерге құқық басталған кезде жеке салымшының жинақталған табыстылығына әсер етсе де, Қазақстан Республикасында инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарналарының міндетті түрлерінің сақталуына бірегей кепілдік қолданылатынын еске саламыз.

Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық болып табылады: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайты немесе ұялы қосымшадағы Жеке кабинеттен көре алады.

Сондай-ақ оқыңыз