Елімізде ауыл тұрғындарына қандай игіліктер бар?
Тұрғын үймен қамтамасыз етуді жақсарту және халықтың қоғамдық инфрақұрылымға қолжетімділік деңгейі дамыған мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі және елдегі өмір сапасының іргелі көрсеткіші.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары инфрақұрылымды дамыту деңгейінде, оның ішінде ҚР-да да негізгі игіліктерге жиі қол жеткізе алмайды. Еске салайық, Қазақстанда халықтың 40%-ы ауылда тұрады, ал ауылдық жерлерді абаттандыру шешуші рөл атқарады.
Мысалы, ауылдағы үй шаруашылықтарының 51,6%-ның үйінде, 23,1%-ның үйден тыс жерде су бар. Ауылдық үйлердің тек 43%-ы желілік газбен, 53,9%-ы баллондағы сұйытылған газбен қамтамасыз етілген. Ауылдық үй шаруашылықтарының тек 6,3%-ы орталық кәрізбен, 66%-ы басқа кәріз түрлерімен қамтамасыз етілген.
Ыстық сумен қамтамасыз ету көрсеткіштері де көп көңіл көншітпейді: ауылда орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау іс жүзінде жоқ, үй шаруашылықтарының 62,5%-ы ғана жеке су жылытқыштарын пайдаланады. Ауылдағы қоқыстарды жинау және шығару көрсеткіштері де айтарлықтай төмен — үй шаруашылықтарының 49,1%-ы пайызы ғана осындай қызметпен қамтылған.
Тіпті әрбір қазақстандық отбасы үшін негізгі ақпараттық-ойын-сауық ресурсы — телевизия да баршаға қолжетімді бола бермейді. Мысалы, ҚР-ның ауылдарын спутниктік теледидармен қамтамасыз ету 64,1%, кабельдік — 7,1%, жерүсті — 37,3%.
Бір қызығы, Қазақстан ауылдарындағы ең жақсы жағдай мобильді интернетпен байланысты: ауыл тұрғындарын дүниежүзілік желіге қолжетімділікпен қамтамасыз ету жоғары деңгейде. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауылдағы үй шаруашылықтарының 90,6%-ы мобильді интернетпен қамтамасыз етілсе, 2020 жылмен (84,9%) салыстырғанда айтарлықтай өсім байқалады. Сонымен қатар, 2021 жылы әлем үшін өте типтік емес жағдай қалыптасты — қазақстандық ауылдардағы мобильді интернетпен қамтамасыз ету қалалық жерлерден жоғары болды: 86,4%-бен салыстырғанда 90,6%.
Тұрғындарды мобильді интернетпен ҚР-ның үш байланыс операторы қамтамасыз етеді: Kcell, Tele2/Altel және Beeline.
Ауыл тұрғындарын интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз етудің мұндай жоғары деңгейі қолдау шаралары мен салаға инвестицияның артуына байланысты.
Ұзақ мерзімді динамика бойынша ақпарат және байланыс секторындағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың ең көп көлемі 2020-2021 жылдарға түсті: тиісінше 140,9 млрд және 128,6 млрд теңге.
Биылғы он айдың қорытындысы бойынша инвестиция 112,8 млрд теңгені құрап, бір жылда 16,9% өсті.
Азаматтарды интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін маңызды бағдарламалардың бірі — «250+». Бағдарлама 250 және одан да көп тұрғыны бар ауылдарда жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу үшін инфрақұрылым құруға бағытталған. «250+» жобасының негізгі мақсаты қала мен ауыл тұрғындары арасындағы цифрлық алшақтықты жою және ауыл тұрғындарының заманауи байланыс құралдарына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болды. Бағдарлама ұялы байланыс операторларының жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.