Қыстың суық мезгілінде жылы жағажайда жатып демалғанға не жетсін. Қыста теңізге қайда ұшу керек? Бүгінгі мақалада қысқы демалысты жаздағыдай өткізуге өте ыңғайлы жерлерді ұсынамыз.
Мысыр
Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан. Туристердің 90%-ы жыл бойы жұмыс істейтін Шарм-эль-Шейх курортын жақсы көреді. Бұл елде жылдың кез келген уақытында туристерді кездестіруге болады. Қыста Қызыл теңіздегі Шарм-эль-Шейх немесе Хургада аймақтарында керемет демалыс өткізуге болады.
Артықшылықтары: Төзгісіз ыстық болмайды. Пирамидалар мен көне храмдарды көруге болады. Туристер аз.
Кемшіліктері: Кез келген туристік ел сияқты, Мысырда да демалысыңызды бұзатын кейбір кемшіліктері де бар. Тамақ пен сусындар ең сапалы емес. Барлық жерде саудаласу керек.
Қыста ауа райы: Егер Мысырда күз бен қыста салыстыратын болсақ, қаңтар айы әлдеқайда салқын. Қыста күндізгі ауа температурасы + 25 ° С-қа дейін жылиды. Судың температурасы +23°С дейін.
Біріккен Араб Әмірліктері
Біріккен Араб Әмірліктері– алдыңғы орында тұрған бағыттардың бірі. БАӘ-де суға түсу маусымы қыркүйектен желтоқсанға дейін және наурыздан мамырға дейін созылады. Дубайға барудың ең жақсы уақыты қазан және сәуір айлары.
Қыста ауа райы: + 30 °C-тан төмен, ал судың температурасы + 26-28 градус.
Таиланд
Таиландта курорттар өте көп. Тайланд қыс мезгілінде демалуға болатын таптырмайдың елдердің бірі. Күндеріңізді керемет өткізу үшін Паттайя, Пхи-Пхи, Самет, Ланте мен Солтүстік Таиландқа баруға болады.
Артықшылықтары: тамаша жағажай, жақсы жайлы атмосфера, қызықты мәдениет, экскурсияға бай, әртүрлі демалыс шаралары, дәмді тағамдар мен жемістер, тамаша қонақүйлер.
Кемшіліктері: туристер көп, шулы, кейбір курорттар Оңтүстік-Шығыс Азия стандарттары бойынша қымбат.
Қыста ауа райы: Қаңтар мен ақпан айы құрғақ және ыстық, теңіз тыныш және мөлдір. Ауа температурасы шамамен + 32 ° С, су шамамен + 28 ° С.
Вьетнам
Вьетнам – қыста шетелде жылы теңізде демалуға болатын ең жақсы жерлердің бірі.
Артықшылықтары: тур қымбат емес, тағамы дәмді, мәдениеті ерекше, жақсы және қымбат емес қонақүйлер, көптеген аттракциондар, тамаша жағажайы бар.
Кемшіліктері: тамақтандыру саласында тазалықтың сақталмауы – вьетнамдықтардың әлсіз жері. Көшедегі дәмханаларда жергілікті тұрғындармен бірге тамақтанудан бас тартсаңыз, қымбаттырақ мекемелерді таңдауға болады.
Қыста ауа райы: Қыста ауа райы құрғақ және жылы. Ауа мен судың температурасы шамамен бірдей +25…+28°C. Бірақ, желтоқсанда кейбір күндер жаңбырлы және желді, теңізде де толқындар қатты болады.
Малайзия
Малайзия-Теңіз жағалауындағы демалыс үшін де қолайлы және өте қызықты ел.
Артықшылықтары: әдемі пейзаждар, мәдениеттердің ерекше араласуы, жақсы жағажай демалысы, дәмді тағам, әдемі ұлттық саябақтар бар.
Кемшіліктері: Вьетнамдағы немесе Таиландтағыдай арзан емес, әсіресе аралдарда.
Қыста ауа райы:Ауа температурасы шамамен + 32 ° C, су шамамен + 28 ° C. Кейде жаңбыр жауады (әдетте тек кешке және түнде).
Филиппин
Филиппин– Сейшель аралдары мен Мальдив аралына тамаша балама: мұнда сіз қыста ақ құмы бар жағажайда жылы теңізде, қымбат емес демалуға болады.
Артықшылықтары: кез келген талғамға сай сегіз мың арал, тың экзотикалық табиғат, керемет жағажайлар, экскурсиялардың көптігі.
Кемшіліктері: кедейлік, антисанитарлық жағдай, ірі қалалардағы қылмыс көп, тайфун қаупі, ұшу уақыты өте ұзақ.
Қыста ауа райы: Ауа температурасы +30 ° C, су температурасы + 27 ° C шамасында.
Шри-Ланка
Шри-Ланка –Үнді мұхитындағы аралдық мемлекет. Қыс мезгілі мұнда келуге ең жақсы уақыт. Жағалауда күндердің барлығы дерлік шуақты.
Қыста ауа райы: күндізгі температура шамамен +30 C. Ылғалдылық жоғары емес, кешке жылу төмендеп, +23 – +24 C дейін жетеді. Бұл кезеңде мұхит тыныш және қолайлы. Судың орташа температурасы +28 С.