Жапония Мьянмадан Бангладешке қашқан рохинджа мұсылмандарына медициналық көмек көрсету үшін БҰҰ-ға 3,7 миллион доллар қаржы бөлді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Тиісті құжатқа Жапония үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықты орналастыру қоры (UNFPA) арасында қол қойылды.
Гуманитарлық көмек Бхасан Чар аралындағы аракандықтарға да, Ноахали аймағының тұрғындарына да арналған.
Бангладеш БАҚ хабарлауынша, бұл көмек әйелдер мен қыздардың репродуктивті денсаулық қызметтеріне қолжетімділігін жақсартуға жұмсалады.