Австрия Үкіметі Еурокомиссия ұсынған үш елден тек Хорватияны қолдады. Ал қалған Болгария мен Румынияны көші-қон ережелерін бұзғаны үшін шектеуді ұсынды. Бұл жөнінде Австрия канцлері Карл Нехаммер мәлімдеді. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Оның айтуынша, болгар және румын елдерінің шекаралық бақылауы нашар. Түркияның мыңдаған мигрантын тіркеусіз өткізеді. Ал Хорватия көші-қон саясатын бұзбаған.
Еске салайық, Еурокомиссия Шенген аймағына аталған үш елді енгізуді ұсынды. Ресми Брюссель бұл шешім Еуропаның қауіпсіздігін арттырады деп есептейді. 8 желтоқсанда аталмыш мәселеге қатысты Әділет Кеңесі дауыс беретін болады.