Өткен аптады пияз бағасы 1,8%-ға қымбаттады
Жарияланды
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, ай басынан 0,7%-ға, жыл басынан бері 21,3%-ға өсті. Жылдық мәнде олар 20,8%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайыздық тармаққа жоғары.Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Өткен апта ішінде арзандады:
Сәбіз – 0,9%
Қант – 0,5%
Өткен апта ішінде қымбаттады:
Пияз – 1,8%
Жұмыртқа, І санат – 1%
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы
Бірінші сұрыпты бидай ұны –241 тг/кг
Күнбағыс майы – 901 тг/л
Айран 2,5% – 350 тг/л