Қазақстанда былғары аяқ киім өндірісі артып келеді
Жарияланды
Сырттан әкелінген аяқкиімнің үлесі 96,2% құрады
2022 жылғы қаңтар-қазанда былғары аяқ киім (спорттық аяқ киімдерді қоспағанда) өндірісінің көлемі 857 мың жұпты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға артық. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық бюросы хабарлайды.
Жалпы, осы жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында 1 117,8 мың жұп аяқкиім шығарылды, бұдан бөлек 28 284,6 мың жұбы импортталды. Осылайша сырттан әкелінген аяқкиімнің үлесі 96,2% құрады.
Қазан айында бәтеңке, туфли және басқа аяқкиімнің бағасы өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 16,6%-ға қымбаттады.