Биылғы қаңтар–қыркүйек айларында ҚР-ның ОА елдерімен тауар айналымы 5,6 млрд АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 29,9% артық. Оның ішінде экспорт 29,7% өсіп, 4 млрд АҚШ долларына, импорт өсіп 30,4%, 1,7 млрд АҚШ долларына жетті.
Қазақстан Өзбекстанға 2,6 млрд АҚШ доллары, Тәжікстанға 591,2 млн АҚШ доллары, Қырғызстанға 519,9 млн АҚШ доллары, Түркменстанға 245,8 млн АҚШ долларына тауар жіберді.
ҚР импорты Өзбекстаннан — 917,4 млн АҚШ долларын, Тәжікстаннан — 388,1 млн АҚШ долларын, Қырғызстаннан — 273,7 млн АҚШ долларын, Түркіменстаннан — 82,3 млн АҚШ долларын құрайды.
ҚР резиденттерінің Орталық Азия елдері инвесторлары алдындағы міндеттемелері биылғы маусым айында 627,8 млн АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,8% артық.
Қазақстан резиденттерінің міндеттемелерінің ең үлкен көлемі Өзбекстан инвесторларына қатысты тіркелді: 330,1 млн АҚШ доллары, жылдық өсім 17,8%-ды құрады. Одан кейінгі орында Қырғызстан (219,3 млн АҚШ доллар, бір жылда 22,3% өсті), Тәжікстан (73,8 АҚШ млн доллар, 4,5% азайды) және Түркменстан (4,6 млн АҚШ доллар, минус 11,2%).
Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, елімізде ОА елдерінің қатысуымен 4,7 мың компания мен филиал жұмыс істеп тұр, бұл бір жыл бұрынғыдан 27,7% артық.
Ескерту: ҚР-мен сауда-саттық және ҚР резиденттерінің міндеттемелері бойынша Өзбекстан көшбасшы болса, шетелдің қатысуымен жұмыс істейтін компаниялар саны бойынша Қырғызстан көш бастап тұр: Қазақстанда 2,2 мың кәсіпорын, бір жылда 13,4% көбейген. Одан кейін Өзбекстан (ҚР-да 2,1 мың кәсіпорын), Тәжікстан (301 компания) және Түркменстан (74 компания).