Жаңалықтар

Қырғызстан Ұлттық банкінің қорында 24,8 тонна алтын бар екен

Қырғызстан Ұлттық банкінің алтын қорында бүгінде 24,8 тонна алтын бар. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің ресми өкілі Аида Қарабаева мәлім етті. Бұл туралы 24.kg агенттігі хабарлады.

Ол президент Садыр Жапаровтың Ұлттық банкте барлығы 37,8 тонна алтын бар деген сөзін растады. Бұл ретте 13 тонна алтын-валюта қорында. Қалғаны – резервтер деп аталатындар.

«Ұлттық банктің 2022 жылғы 31 қазандағы қаржылық есебін қарасаңыз, онда бұл деректердің барлығы көрсетілген. Біреуі – 57 миллиард сом – қордағы алтын. Сондай-ақ 118,4 млрд сомға ақшалай емес алтын бар. Бұл ашық ақпарат», — деді Аида Қарабаева.