Гавайя аралдарында 38 жылда алғаш рет әлемдегі ең үлкен жанартау Мауна -Лоа атқылай бастады.
Америка Құрама Штаттарының Геологиялық қызметі аралдар тұрғындарына жанартау атқылауына байланысты жағдайдың өте қарқынды өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Мемлекеттік билік тұрғындарды эвакуациялауға және «лава ағынының бағыты өзгерген жағдайда ең нашар сценарийге» дайын болуы керек деп мәлімдеді.
Гавайя вулкандық обсерваториясының өкілі атқылаудан кейін бірнеше рет дүмпулер болғанын айтты.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Гавайядағы ауа сапасы бақылауда және қазіргі уақытта қалыпты.