Иран билігі Катарда өткен әлем чемпионатында ұлттық құраманың Уэльсті жеңуіне байланысты 709 тұтқынды босатқан. Бұл туралы Иранның ISNA агенттігі хабарлады.
«Біздің командамыздың мақтан тұтарлық жеңісінен кейін сот билігінің басшысы Голам Хосейн Мохсени-Эджеи Иран халқын құттықтап, 12 провинциядағы 709 тұтқынды босату туралы арнайы бұйрық шығарды», – делінген хабарламада.