Қоғам

Таргетиң деген не? Қарапайым тілде түсіндіреміз

Таргет жарнама жасау тәсілдері

Қазіргі кезде кәсіпкерлердің 70-80 пайызы таргет жанаманы пайдаланады. Өйткені сапалы жарнама арқылы сіздің тауарыңыз жақсы өтері анық.

Таргетиң дегеніміз (ағыл. target – мақсат) – белгілі бір аудиторияға ғана сіздің жарнамаңызды көрсету.  Таргет жарнама – бұл маркетинг механизмі, ол арқылы кәсіпкерлер өз бизнесін алға жылжытып, сатылымды арттырады.

Таргет жарнама итернет желісінде барлығына бірдей көрінбейді, тек белгілі бір өнімді сатып алуға қызығушылық танытатындардың алдынан шығады. Бұл таргет аудиторияны тартуға, сұраныс пен сатылымды арттыруға көмектеседі.

Таргетиңнің маңызы неде?

Дұрыс мақсат қойылмаса, стратегиясыз өнімді танымал ету, тұтынушыға өткізу сәтсіздікке ұшырайды. Сатылым жақсы болсын десеңіз, кімге сататыныңызды білуіңіз керек, содан кейін әрбір сегмент үшін ең қолайлы стратегия мен әдіс таңдауыңыз қажет.

Тиімді жоспардың көмегімен сіз мына мақсаттарға қол жеткізе аласыз:

  •  Сіздің өніміңізге қызығушылық танытатын тұтынушыларға ғана мақсат қойыңыз. Осылайша, сіз үлкен аудиторияға жарнамаға қосымша ақша мен күш жұмсамайсыз.
  • Бәсекеге қабілетті болыңыз. Мақсатының негұрлым нақты болса, соғұрлым біраз бәсекелесті артта қалдырады. Клиенттер әрқашан өз сұранысына сай брендті таңдайды.
  • Тауар мен қызмет сапасын жақсартыңыз. Тиімді жарнама стратегиясын әзірлеу үшін аудиторияны талдау керек. Сіз өз тұтынушыларыңыздың қажеттіліктері мен тілектерін білуіңіз қажет.

Сегменттеу, бағыттау және таргетиңнің айырмашылығы неде?

Бұл үш элемент жаңа өнімді танымал етуде маңызды рөл атқарады. Оларға көз жұмып қарауға болмайды. Өйткені, тиімді маркетиң стратегия барлығын қамтиды.

Бірінші қадам – ​​сегменттеу. Бұл сіздің бүкіл аудиторияңызды шағын топтарға – сегменттерге бөлу. Ол қажеті мен сұранысына сәйкес келетін пайдаланушылардан тұрады. Тиісті сегменттеусіз келесі кезеңге сәтті өту мүмкін емес.

Екінші қадам – таргетиң. Яғни, мақсатты анықтау деп аталады. Енді сіздің аудиторияңыз сегменттелгендіктен, адамдармен тиімді байланысуға көмектесетін стратегия мен тактикаларды әзірлеуге болады. Әрбір сегментті талдаңыз, сатып алушы тұлғасын жасаңыз, содан кейін әр топ үшін ең тиімді жарнама ұсынысын жасаңыз.

Үшінші қадам – ​​позициялау. Бұл кезең өте маңызды, өйткені сіздің нарықтағы орныңыз осы қадамды сәтті жасағаныңызға байланысты. Мұнда сіздің міндетіңіз – тұтынушыларды сіздің брендіңіз ең жақсы таңдау екеніне сендіру және дәлелдеу. Сіз өз компанияңыздың имиджін тұтынушылардың санасында қалдыруыңыз керек. Сатып алушыларға тауарыңыздың артықшылықтары туралы айту қажет. Бұл қадамы сәтті болған брендтің бірі – Coca Cola. Өйткені, газдалған сусын туралы сөз қозғағанда, бәрі дерлік осы компания жайлы ойлайды.

Таргет жарнаманың кемшіліктері қандай?

  1. Жарнама мен оның модерациясына қойылатын талаптар, кезде еш негізсіз қабылданбауы мүмкін;
  2. Аудитория тез шаршайды, параметрлерді жиі жаңартып, құнын бақылау керек;
  3. Әр әлеуметтік желі үшін жеке параметр қажет.

Кәсіпкер Тоқтар Әбдіхалықұлы:

«Тапсырыс беретін клиенттерді әлеуметтік желі (Instagram), одан кейін таныстар арқылы табамыз. Кәсіпті алға жылжыту үшін таргет те қолданамыз. Таргет арқылы осы уақытқа дейін біршама тұрақты тұтынушыларымызды таптық».

 Кәсіпкер Бағыжан Темірханұлы:

«Тауарды OLX, Market.kz арқылы сатамыз, Wildberries-те де сауда жақсы өтеді. Таргетті міндетті түрде қолданамыз. Өйткені, таргет арқылы тауар алатын клиенттер саны өседі».

Қорыта келе, әлеуметтік желілердегі таргет жарнама – дұрыс пайдаланған сіздің бизнесіңізге орасан пайда әкелетін қуатты құрал.