Алматы облысында 30 көлік заңсыз рәсімделгені анықталды

Жарияланды
Бюджетке 100 млн теңге түспей қалған

Алматы облысында 30 көлік заңсыз рәсімделгені халыққа қызмет көрсететін екі орталыққа жүргізілген тексеріс кезінде анықталды. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

19 көлік Қонаев қаласындағы мамандандырылған орталықта жалған құжатпен тіркеліп, мемлекеттік нөмір берілген. Және 11 темір тұлпар Еңбекшіқазақ ауданында жалған төлем түбіртектерімен тіркеліпті.

«Қазіргі уақытта іс Алматы облыстық полиция департаменті жолданды. Ішкі тексеру де жүріп жатыр. Қабылданған процесуалдық шешімге сәйкес заңды бұзған қызметкерлерге тәртіптік шара қолданылады»,-деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы облыстық филиалының жетекші сарапшысы Жарқын Өтегенов.

Сондай-ақ оқыңыз