БҰҰ: 6 млн-ға жуық ауғандық тамаққа мұқтаж

Жарияланды

БҰҰ мәліметі бойынша, 2023 жылы Ауғанстан халқының үштен екісі (28 миллионнан астам адам) гуманитарлық көмекке мұқтаж болады. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Ауғанстанның кейбір аймақтарында қыста ауа температурасы минус 25 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша арнайы өкілінің орынбасары Рамиз Алекперов мәлімдеді.

Қысқы суыққа дайындық жұмыстары үшін 768 миллион доллар қажет, деді ол.

Алекперовтың айтуынша, 6 миллионға жуық ауғандық төтенше жағдайдағы азық-түлік тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз