Ирак Түркиямен шекарадағы қауіпсіздікті күшейтті. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінде Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы мәлімдеді,-деп Хабар 24 хабарлады.
Елде шекараны қорғауды күшейтуге, әскерді қару-жарақпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеке құрамды жіберуге бұйрық берді. Ирак мұндай қадамға елге Түркия мен Ираннан бірқатар соққылар жасалғаннан кейін барып отыр.
Бірақ, Ирак билігі барлық көршімен жақсы қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін айтады.