Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені көтерді

Жарияланды
Мөлшерлеме жылдық 16,75%-ға жетті

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл шешім болжамдар мен нақты деректер талдауына негізделген.

«Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түлік бағасы қымбаттап отырған сыртқы орта факторлары негіз болды. Ішкі экономика тарапынан инфляциялық күтудің барынша тарихи жоғары деңгейде болуы, сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болмауы, сондай-ақ импорттың жедел өсуі кезінде сауданың қайта құрылуы байқалады» делінген хабарламада.

Елімізде инфляция жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Қараша айында оның жылдық мәні 19,6% болып, барлық компонент бойынша өсті. Қараша айында айлық инфляция біршама баяулағанымен, әлі де көп жылдық орташа деңгейден айтарлықтай асып, жоғары мәнде қалып отыр.

«Бұл ішкі сұраныс орнықты болған кездегі  жоғары сыртқы инфляцияға және тұтынушылық тауарлар импортының логистикалық жолдарын жаңа сауда бағыттарына қайта бағдарлаудың жалғасуына байланысты. Осы ортада халықтың және кәсіпорындардың тарихи жоғары көрсеткіштерге жуық болып отырған инфляциялық күтулері мен тұтынушылық кредиттеудің өсуі – күшейтуші проинфляциялық факторлар. Тауар жеткізу тізбегі үзілген жағдайларда бекімеген инфляциялық күтулер қысқа мерзімді және де ұзақ мерзімді тауарларды тұтынуды ынталандырады» дейді ҰБ.

Көрсетілген  факторларды ескере отырып, ҰБ инфляция болжамы қайта қараған. Базалық сценарийде биыл жылдық инфляция 20-21% деңгейінде қалыптасуы ықтимал.

Сондай-ақ оқыңыз