Дамушы нарық валютасы әртүрлі бағыттағы динамика көрсетті

Жарияланды
Бұл туралы Ұлттық Банк хабарлады

2022 жылғы 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. АҚШ Еңбек министрлігі қарашада ауыл шаруашылығына жатпайтын секторда жұмыс істейтіндер санының 263 мыңға ұлғайғанын мәлімдеді, осыдан соң инвесторлар АҚШ ФРЖ жақын арада өз саясатын күшейтуін тоқтатпайды деп қауіптене бастады. Бұл ретте Джером Пауэлл биыл мөлшерлеменің 3,75-4%-ға дейін қарқынды ұлғаю әсерін бағалау үшін ставканың өсу қарқынын бәсеңдету қажет деген белгі берді. АҚШ-тың жеке тұтыну шығыстарының индексі қарқыны жағынан ж/ж 6%-ға дейін қысқарғанын көрсетті. ҚХР Үкіметі жаппай наразылық салдарынан ірі қалаларда (Пекин, Шанхай, Гуанчжоу) ковидке қарсы шектеу шараларын жеңілдете бастады.

Бұл факторлар дамушы нарықтардағы валюталардың әртүрлі бағыттағы динамикасын көрсетті.

Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамының динамикасы төмендегідей қалыптасты:

  • Бразилия реалы саяси факторлар аясында 3,3%-ға (5,4-тен 5,22-ге дейін) нығайды. Конгрестің төменгі палата төрағасы осы жобада жаңа сайланған Президенттің сайлауалды уәделерін орындауы үшін бюджет шығыстарын ұлғайтуға бағытталған конституциялық түзетудің мақұлданбайтынын мәлімдеді;
  • Индонезия рупиясы 1,6%-ға (15 673-тен 15 426-ға дейін) нығайды. Индонезия банкі мөлшерлемелерді алдын ала көлемді арттырудың инфляциялық күтулерді ойдағыдай төмендетіп жатқанын хабарлады. Инфляция өткен айдағы 5,71%-дан қарашада 5,42%-ға дейін бәсеңдеді;
  • үнді рупиясы MSCI India индексін жартыжылдық қайта теңгерімдеу аясында шетелдік инвесторлар тарапынан қор нарығына капиталдың әкелінуі аясында 0,5%-ға (81,69-дан 81,32-ге дейін) нығайды;
  • түрік лирасы қараша айында сауда балансы дефицитінің 8,8 млрд АҚШ долларына дейін ұлғаюы туралы деректер аясында 0,2%-ға (18,6-дан 18,64-ке дейін) әлсіреді. Қаржы министрлігі 9% мөлшерлеме бойынша 2 млрд АҚШ доллары сомасына 5 жылдық еурооблигацияларды орналастырды, бұл алдыңғы орналастырудан 1 п.т. төмен;
  • Мексика песосы шетелдік инвесторлардың борыш нарығындағы капиталды әкетуі аясында 0,4%-ға (19,33-тен 19,4-ке дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка ранды ОАР Президенті Сирил Рамафосаның ықтимал импичменті туралы хабарламалар аясында 2,5%-ға (17,08-ден 17,51-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі ЕО елдерінің Ресей мұнайы бағасының шегін барреліне 60 АҚШ доллары деңгейінде бекітуі аясында 2,5%-ға (60,5-тен 62-ге дейін) әлсіреді.
Сондай-ақ оқыңыз