Беларусь президенті Александр Лукашенко пандемия жағдайында елдің денсаулық сақтау жүйесі жақсы жұмыс істегенін атап өтті. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Лукашенконың айтуынша, әлемде Беларусь сияқты коронавирустық індетпен ешкім күрескен жоқ.
«Денсаулық сақтау жүйесі мен дәрігерлерге алғысым – емдегені үшін емес, қалай емдеу керектігін білмей, үйренгені үшін», – деді Лукашенко.