Салықтық шегерімдер дегеніміз не?
Қазақстандық қызметкерлер заң бойынша салықтық шегерімдер ала алады, яғни мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдерді қысқарту есебінен ақшаларын үнемдей алады. Бұл туралы Fingramota.kz айтып береді.
Салықтық шегерім – бұл одан салық төленетін кіріс мөлшерінің азаятын сомасы. Оны мемлекеттен жеңілдік не қолдау деуге де болады, ол бұрын бір жылдың ішінде төленген салықты қайтаруға немесе салықты азырақ төлеуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда салықтық шегерімдер:
барлық кірістің 10%-ы мөлшеріндегі жеке табыс салығын есептеу кезінде;
қызметкердің кірісі есептелетін әрбір айға, кейбір жағдайларда уәкілетті орган және сізге тізімі кадр қызметінде ұсынылуға тиіс құжаттарда белгілеген нысан бойынша салықтық төлемдерді қолдану туралы қызметкердің өтініші негізінде қолданылады.
Салықтық шегерімдердің қандай түрлері бар?
Заң бойынша кірістердің мынадай түрлеріне салық салынады: қызметкердің, оның ішінде резидент-еңбек иммигранты мен үй қызметкерінің кірісі; тауарлар, көрсетілетін қызметтер, жұмыстарды өткізуден түсетін кіріс; үшінші адамның орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер, тауарлардың құны үшін жасаған төлемі түріндегі кірісі; берешекті өтеу есебіне орындалатын жұмыстар не қызметтер түріндегі кіріс; ақысыз алынған мүлік, кешірілген борыш немесе борышкерге қойылатын талаптарды азайтудан болатын кіріс; зейнетақы төлемдері мен шәкіртақы; жинақтаушы сақтандыру бойынша кіріс; дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар, репо операциялары бойынша сыйақылар; ДК немесе жеке практикамен айналысатын адамның кірісі; қосалқы шаруашылықтан түсетін кіріс.
Қызметкерге ЖТС бойынша шегерімдердің төмендегі түрлері берілуі мүмкін:
міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түріндегі шегерім – «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңнамасында белгіленген мөлшерде;
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) төленетін жарналар бойынша шегерім – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ҚР заңнамасында белгіленген мөлшерде;
зейнетақы төлемдері мен жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша шегерім;
Бұдан басқа, стандартты салықтық шегерімдер, оның ішінде 14 АЕК мөлшеріндегі ай сайынғы шегерімдер болады.
Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік айға қолданылады. Бұл ретте, бір күнтізбелік жылға стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 168 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс (2022 жылы: 168 АЕК *3063=514 584 теңге).
АЕК – бұл айлық есептік көрсеткіш. 2022 жылы оның мөлшері 3 063 теңгені құрады. Тиісінше стандартты салықтық шегерімнің мөлшері (14АЕК*3063) 2022 жылы 42 882 теңгені құрайды.
Салықтық шегерімдерді қалай алуға болады?
ҚР Салық кодексіне сәйкес салықтық шегерімдер қатаң белгіленген ретпен беріледі. Оларды алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына өтініш және растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынуы қажет.
Мысалы, ерікті зейнетақы жарналары бойынша салықтық шегерімін алу үшін дәлел ретінде тиісті шартты және ерікті зейнетақы жарналарының төленгенін растайтын құжатты ұсыну қажет.
Шегерімдердің мөлшері неге байланысты?
2022 жылдан бері ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша салықтық шегерімдер ең төменгі жалақы (ЕТЖ) сияқты есептік көрсеткіштен басқа көрсеткішке – АЕК-ке ауыстырылды. Сондай-ақ ЕТЖ-ны тек салықтық емес, әлеуметтік және басқа да салаларда есептік көрсеткіш ретінде қолдануды алып тастау тапсырылды. Осылайша, жыл сайын шегерім мөлшері АЕК-ке байланысты өзгеріп отырады.
Мысалы мөлшері 25 АЕК-тен аспайтын (2022 жылы – 76 575 теңге) кірістер бойынша салық салынатын кірісті 90%-ға азайту көзделген. Яғни, ЖТС нақты мөлшерлемесі 1%-ды құрайды. Сондықтан жалақы бұл сомадан төмен болған кезде, мысалы 60 мың теңгеге:
10% немесе 6 мың теңге МЗЖ,
осы соманың 2%-ы немесе 1200 теңге МӘМСЖ;
14 АЕК немесе 42 882 теңге мөлшерінде стандартты салықтық шегерім;
қалған соманың 90% (9 918 теңге).