Жаңалықтар

Иранда 5 ереуілші өлім жазасына кесілді

Сотта айыпталушылар құқық қорғау органының қызметкерін өлтірді деп танылды

Иранда сот 22 жастағы белсенді Махса Аминидің өлімінен кейін елді шарпыған наразылықтар кезінде полиция қызметкерін өлтірген 16 айыпталушының бесеуіне өлім жазасына кесті.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, бұл туралы Тегеранда өткен баспасөз мәслихатында Иран сот билігінің баспасөз хатшысы Масуд Сетайеши мәлімдеді.

Ол тәртіпсіздікке қатысушыларға қатысты сот істері «шұғыл түрде» және «барлық қатаңдықпен» қаралып жатқанын атап өтті.

Сонымен бірге Сетаеши Иран билігі ешкімді жай ғана наразылық акцияларына қатысқаны үшін ұстамағанын түсіндірді.

«Ереуілшілер мен тәртіпсіздіктер арасында айырмашылық бар. Тек қана қоғамдық тәртіпті бұзып, ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерге барған бүлікшілерге қатысты тергеу басталды. Олардың кейбірі сот шешімімен қамауға алынды», – деді ол.

Қалған 11 адамды судьялар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырды, деп хабарлады департамент өкілі.

Сондай-ақ, ол іс бойынша үш айыпталушы кәмелетке толмағандар екенін түсіндірді