Қор биржасында акция сауда-саттығы азайып барады

Жарияланды
Есесіне инвесторлар қатары артып келеді

Қазан айында Қазақста қор биржасында акция сауда-саттығы қыркүйек айымен салыстырғанда 11,4%-ға немесе 1,7 млрд теңгеге төмендеп, 13,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, қор нарығын капиталдандыру 0,9 трлн теңгеге (жыл басынан бері 15,6%ға азайған ) азайып, 37,3 трлн теңгеге түсті, деп хабарлайды ҚНРДА.

Акция нарығын капиталдандыру 2,1% немесе 0,5 трлн теңгеге азайып 22,3 трлн теңгені құрады.

Қазан айында KASE индексі 3 132,9 тармаққа дейін, 1,6%-ға өскен. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда тізімдерінде 103 эмитенттің 117 акциясы орналасқан. Соның ішінде 47 шығарылымы KASE Global секторында айналымға жіберілді. Қазан айында акциялармен сауда-саттық көлемі қыркүйек айымен салыстырғанда 11,4%-ға немесе 1,7 млрд теңгеге төмендеп, 13,3 млрд теңгені құрады.

Корпоративтік облигациялар нарығы 2,8%-ға немесе 435,7 млрд теңгеге 15,0 трлн теңгеге дейін азаюына (жыл басынан бері 2,6%-ға төмендеу) аталған нарықтағы ақша-кредит талаптарын қатаңдату аясында қорландыру құнының қымбаттауы, сондай-ақ қолданыстағы шығарылымдарды өтеу себеп болған.

Қазан айында корпоративтік облигациялар бастапқы нарығының көлемі екі есе өсіп, 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 922 млрд теңгені құраған.

Қазіргі кезде KASE сауда-саттық тізімінде 87 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 343 шығарылымы бар. Сонымен қатар, ұжымдық инвестициялар нарығында 44 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 22 аралық, 21 жабық және 1 ашық пай қоры.

Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер негізінен шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының құнын төмендету есебінен ағымдағы жылдың қазан айында 21,2 млрд теңгеге немесе 4,9%-ға азайып, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 410,2 млрд теңгені құрады.

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 375,3 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 91,5%-ын бағалы қағаздар портфелі құрады, оның 96,4%-ы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздардан тұрады.

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 38 брокер мен дилер (15 банк және 23 банктік емес ұйым), 9 кастодиан банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Сонымен қатар, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.

қазан айында инвесторлар қатары қалыңдай түсті. Депонент клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 477 078 қосалқы шотқа дейін 33 999-ға немесе 7,7%-ға өсті.

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері қазан айында 1,8%-ға артып, 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 532,9 млрд теңгені құраған (жыл басынан бері өсім – 5,5%). 2022 жылғы қазанда міндеттемелер 147,8 млрд теңгеге дейін 19,5%-ға өсті. Меншікті капитал 3,7%-ға немесе 14,8 млрд теңгеге 385,2 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыз