Жаңалықтар

Париждегі мигрант балалар өз құқықтарын қорғауды талап етуде

Балалар мен жасөспірімдер Франция билігінен суық ауа райына байланысты тұрақты баспана беруді сұрайды

Францияда 350-ге жуық кәмелетке толмаған мигратн балалар суық ауа райында тұрақты баспана сұрап, Мемлекеттік кеңестің алдында лагерь құрды.

Наразылықты ұйымдастырған кәмелетке толмаған мигранттар, атап айтқанда, Батыс Африка мен Ауғанстанның тумалары, орта есеппен 15 жаста. Олар гуманитарлық ұйымдардың қолдауымен 2 желтоқсаннан бері Париждегі Мемлекеттік кеңестің алдында лагерь құрды.

Балаларды қолдаған TIMMY қауымдастығының мүшесі Розали Anadolu агенттігіне Франция билігі бұл балалардың құқықтарын қамтамасыз етіп, оларға Балаларды қорғау қызметі арқылы қажетті көмек көрсетуі керек деді.

«Балалардың құжаттарын толтыру үшін бірнеше ай қажет болуы мүмкін. Оған дейін олар көшеде қатып қалуы мүмкін»-деді Розалти.

Розали Парижде түнде ауа температурасы 0 градустан төмен түсетінін, соның салдарынан 10 бала гипотермияға ұшырағанын атап өтті.