Жаңалықтар

Өзбекстан тарихында алғаш рет 400-ге жуық сотталушыға рақымшылық жасалады

Өзбекстан Конституциясының 30 жылдығына орай

Өзбекстан Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына байланысты президент Шавкат Мирзиёевтің жарлығымен ел тарихында алғаш рет бірден 400-ге жуық сотталушыға рақымшылық жасалады. Бұл туралы Gazeta.uz сайтына мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

«Тәуелсіз Өзбекстан тарихында тұңғыш рет 400-ге жуық сотталушыға рақымшылық жасалады», – деп түсіндірді ол.

Ол Конституция күні мемлекеттік мереке ретінде бүкіл елде кеңінен атап өтілетінін еске салды.