2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 340 016 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ шамамен 3,2 трлн теңге қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге. Алайда бұл көрсеткіш әр аймақта әртүрлі екенін атап өткен жөн. Мысалы, Маңғыстау облысының тұрғындары орта есеппен 3,8 млн теңгені, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 1,2 млн теңгені пайдаланған.
www.enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зейнетақы төлемдерін қандай мақсаттарға пайдаланғаны/пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат жарияланған. Мұндай ақпарат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» шағын бөлімшелері). Мұндағы мәліметтер орындалған өтініштердің басым бөлігі әлі де Алматы қаласының тұрғындарына тиесілі екенін көрсетеді (17,4%), Астана қаласы (14%), Маңғыстау облысы (10,33%).
Уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) шамамен 458,4 млрд теңге қаражат қайтарылды. Себебі, сұраным иесінің өтініші және өзге де себептермен қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланбаған.
Салымшылар (алушылар) өздерінің жинақтарын пайдаланатын мақсаттарды талдай отырып, келесі негізгі бағыттарды атап өтуге болады. Көбінесе (барлық өтініштердің шамамен 35,75%) – бұл азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) және жеке тұрғын үй салу (меншігінде жер учаскесі болған жағдайда). Өтініштердің шамамен 21% одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасына салымды толықтыру мақсатында орындалды. Өтініштердің осы мәнге жақын мөлшері (20,88%) салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша пайдалануы үшін берілген. Өтініштердің шамамен 20% алғашқы жарнадан бастап қайта қаржыландыруға және толық өтеуге дейінгі ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану мақсатында орындалды.
Сонымен қатар, БЖЗҚ 314,9 млрд. теңгеге емделуге берілген 398 875 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 млн теңге. Көбінесе (өтініштердің 96% астамы) қазақстандықтар өздерінің жинақтарын медициналық мақсаттарда стоматологиялық қызметтерге пайдаланады. Өтініштердің тек 2,8% офтальмологиялық қызметтерді алу мақсатында орындалды.