Жаңалықтар

Елімізде азық-түлік бір айда 2%, бір жылда 24% қымбаттады

Қандай азық-түлік өнімдері айтарлықтай қымбаттады?

Биылғы қараша айының қорытындысы бойынша азық-түлік тауарлары бір айда 1,8%, бір жылда 24,1%-ға қымбаттады.

Ай сайынғы динамика бойынша азық-түлік тауарлары бағасының ең көп айлық өсімі Ұлытау облысында байқалды: 2,4%. Одан кейін елорда мен Жамбыл облысында да айтарлықтай өсті: әр өңірде 2,2%.

Жылдық динамика бойынша сектордағы бағаның ең көп өсуі Маңғыстау облысында тіркелді: бірден 31,4%. Ақтөбе облысы мен Шымкент екінші және үшінші орында: әр өңірде 25,8%. Ең аз жылдық өсім Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: «бар болғаны» 22,6%.

Жемістер мен көкөністер бір жылда 17,4% қымбаттады. Оның ішінде жаңа піскен жемістердің құны бір жылда 18,9%, көкөністер 11% өсті.

Жемістер ішінде банан бірден 45,8% қымбаттап килосы 867 теңгеге, апельсин — 26,2% қымбаттап килосы 959 теңгеге, алма — 11,3% қымбаттап килосы 528 теңгеге, лимон — 8,6% қымбаттап килосы 1,2 мың теңгеге, кептірілген өрік — 65,4% қымбаттап килосы 3,8 мың теңгеге жетті.

Көкөністердің ішінде қияр жылына бірден 30,8% қымбаттап килосы 691 теңгеге, пияз — 26,5% қымбаттап килосы 116 теңгеге, қызанақ — 14,4% қымбаттап килосы 678 теңгеге, картоп — 9,9% қымбаттап килосы 155 теңгеге жетті. Ақ қырыққабат (16,5%), сәбіз (4,6%) және қызылша (1,3%) арзандады.

Қараша айында сүт өнімдерінің бағасы бір жыл ішінде 30% өсті. Оның ішінде ішетін сүт — 30,3%, сүт консервілері — 42,2%, ашытылған сүт өнімдері — 31,4% қымбаттады.

Майлылығы 2,5% пастерленген сүт орташа есеппен литрі 331 теңгеден, майлылығы 3,2%–4% литрі 417 теңгеден, қаймақ 1 кг 1,7 мың теңгеден, айран литрі 365 теңгеден, сүзбе 1,9 мың теңгеден, қатты ірімшік 4,4 мың теңгеден сатылды.

Ет, оның ішінде ет өнімдері бір жылда 16,1% қымбаттады. Сауда орындарында сүйегі бар сиыр етінің килосы орташа есеппен 2,4 мың теңге, қой еті — 2,7 мың теңге, шошқа еті — 2,1 мың теңге, жылқы еті — 3 мың теңгеден сатылуда. Тауық етінің килосы — 1,4 мың теңге, тауық еті — 1,2 мың теңге, қайнатылған шұжық — 2,6 мың теңге, жартылай ысталған шұжық — 3,1 мың теңге.

Бірінші санаттағы жұмыртқаның он данасы орташа есеппен 468 теңге тұрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 20% қымбат.

Бір жылда нан 19,3%, жарма 36,8%, макарон өнімдері 42,2%, ұн 43,7% қымбаттады.

Жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының келісі 349 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн 197 теңгеден, қара бидай нанының келісі 421 теңгеден сатылды. Жоғары сұрыпты бидай ұны келісіне 373 теңге, бірінші сұрып — 243 теңге, рожки — 552 теңге, вермишель — 561 теңге, кеспе — 1,1 мың теңгеден сатылды.

Дәнді дақылдардан арпа — 44,5% қымбаттап килосы 368 теңге, қарақұмық — 38,2% қымбаттап килосы 718 теңге, сұлы — 37,5% қымбаттап 606 теңге, жарма — 37,1% қымбаттап 450 теңге, күріш — 33,5% қымбаттап 489 теңге, тары — 25,2 пайыз қысбаттап 470 теңге болды.