Қазіргі уақытта Алматы қаласы жолдарында 5 мыңнан аса фото және бейнебақылау камералары бар. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Биылғы жылдың 10 айында»Сергек» аппараттық – бағдарламалық кешендерімен ҚР Жол қозғалысы ережелерін бұзудың миллионға жуық дерегі тіркелген.
Олардың ең жиі кездесетіні:
– жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе жолдың жүру бөлiгiн кесiп өту – 543 142 бұзушылық;
– жылдамдықты арттыру – 394 723 бұзушылықтар;
– бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту – 1164 бұзушылық.