Естімеген елде көп: әлемде біз білмейтін ерекше мамандықтар қандай?

Жарияланды
Ерекше кәсіп иелері

Жалпы, бұл әлемде мамандықтың түрі көп. Сонымен қатар, сіз естігенде немесе көргенде таң қалатын ерекше мамандықтар да бар. Жыл сайын әлемде жаңа мамандықтар пайда болып жатыр. Бұл, ең алдымен, біздің өміріміздің қарқынды дамуымен байланысты. Ең сирек кездесетін мамандықтардың тізімін қарасаңыз, олардың арасында әдеттен тыс, ерекше, оғаш кәсіптер де бар. Олай болса, бүгінгі мақалада ерекше мамандықтын бірнеше түрін қарастырайық.

Трамидатор

Трамидаторлар немесе кәсіби кезек күтушілер – белгілі бір жерде күн мен түннің кез келген уақытында басқа біреу үшін кезекте тұратын жандар. Бұл мамандар әсіресе, үлкен сатылымдар кезінде және жаңа өнімдер сөрелерге түскен кезде сұранысқа ие болады. Бұл мамандық ең алғаш АҚШ-та пайда болды. Содан кейін бұл мамандыққа деген сұраныс Еуропа елдерінде белең алды. Ұлыбританияда бұл қызмет сағатына шамамен 50 доллар тұрады.

Сырласатын дос

Бұл мамандық әсіресе  Жапонияда сұраныс ие. Жапония тұрғындары жақындарына айта алмаған немесе өзін жалғыз сезінген кезде осы мамандарды жұмысқа жалдайды. Статистикаға сүйенсек, бір аптаның ішінде осындай «сырласатын дос» мыңға жуық жанмен дос болып, сырласады екен.

Жоқтаушылар

Шығыс елдерінде аза тұту кезінде, жерлеу рәсіміне кәсіби жоқтаушыларды шақырады. Белгілі бір қаржыға олар жерлеу рәсімі кезінде жоқтау айтып, жылап береді. Ал үстемақы үшін олар нағыз истерикалық  көрсетілім қойып береді екен. Бірақ «көз жасын сатушылардың» жұмысы театр қойылым емес, бұл мәдени дәстүрдің бір бөлігі. Сондықтан, жоқтаушы болу үшін алдымен арнайы емтихандарды тапсыру қажет.

 Кәсіби қыз  жолдас

Әр тойда қалындықтын қасында қыз жолдасы болады. Егер де қалындықтын құрбысы болмаған жағдайда оған көмекке нағыз кәсіби қыз жолдас келеді. Бұл маман қалыңдықтың үйлену тойына дайындалуына көмек беріп, мерекені ұйымдастырып, сондай-ақ, тойға  белсенді түрде  қатысады. Бұл кәсіби қыз жолдасты той ұйымдастыратын кейбір агенттіктер ұсынады екен.

Клакер

Клакер мамандарын көбінесе театр әртістері жалдайды. Бұл жандар әртістердің қойылымдарына барып, шапалақ ұрып, «браво!» деп айғайлайды. Сондай-ақ, басқа көрермендерді де қол соғуға шақырырады.

Сондай-ақ оқыңыз