2022 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудаcы 22 963,7 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 7,3% көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2022 жылғы қаңтар-қазандағы тауарлар экспорты 7 705,1 млн АҚШ доллары (21,4% көп), импорт – 15258,6 млн АҚШ доллары (1,3% көп) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,3%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,5%, Армения Республикасына – 0,2% келеді.
2022 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудаcs 22 963,7 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 7,3%* көбейді.
2022 жылғы қаңтар-қазандағы тауарлар экспорты 7 705,1 млн АҚШ доллары (21,4% көп), импорт – 15258,6 млн АҚШ доллары (1,3% көп) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,3%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,5%, Армения Республикасына – 0,2% келеді.
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық изотоптардың элементтері бойынша 2,1 есе өсім бар. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (76,5% аз).
Импортта бидай мен меслин бойынша 2 есе өсім тіркелді. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша төмендеу байқалады (74% аз).