Жаңалықтар

Биыл елімізде сұлулық қызметтерінің бағасы 17%-ға өсті

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында шаштараздар мен сұлулық салондары 24,4 млрд теңгеге қызмет көрсетті.

Жалпы алғанда, сұлулық қызметтерін көрсетушілердің бағасы жылдық мәнде (2021 жылдың қараша айымен салыстырғанда) 17%-ға өсті.

Қараша айында Қазақстанда әйелдердің шаш қию қызметінің орташа бағасы 2 744 теңгені құрады. Өңірлер арасында бұл қызмет астаналық ханымдар үшін қымбатқа шығады екен – 4 166 теңге, ең арзаны Семейде – 1 714 теңге. Қалған қалаларда әйелдердің шашын қию қызметінің бағасы 2 мыңнан 3 мың теңгеге дейін барады.

Елімізде ерлердің шаш қию қызметінің орташа бағасы әйелдерге қарағанда сәл арзан – 2 037 теңге. Ер азаматтардың шашын алу бағасы Алматыда ең қымбат – 2979 теңге, арзаны Қызылордада – 1355 теңге. Басқа қалалардағы баға диапазоны 1400-ден 2500 теңгеге дейін.