Жаңалықтар

Өскеменде дүкен қызметкерлері 19 млн теңгені жымқырған

20 жасар студенттер жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Өскеменде дүкен қызметкерлері 19 млн теңгені жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің «102» жедел арнасына ЖШС өңірлік басқарушысы жүгінген. Өскемен қаласының сауда-ойын-сауық орталықтары бірінде дүкен қызметкерлері шамамен 19 млн теңгеге мүлікті жымқырған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтап, ұстаған. Олардың барлығы 20 мен 21 жас аралығындағы университет студенттері. Қазіргі уақытта аудиторлық тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Кінәні мойындаған жағдайда күдіктілер жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.