Семейде ЖЭО-1-де өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«15 желтоқсанда сағат 00:34-те Абай облысының Семей қаласында 1-ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған болатын. Сағат 1.36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және қорғаныс министрліктері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына қатты отынды қолмен салу жұмыстарын бастады», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.