Қазақстан Республикасында биылғы оқу жылында жұмыс істеп тұрған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруұйымдарының саны – 116, оның ішінде 105 ұйым магистранттарды,
73 ұйым докторанттарды және 18 ұйым-резидентура тыңдаушыларын даярлауды жүзеге асырады. Жоғары білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын ұйымдардың жалпы санынан ұйымдардың 72,4% – жекеменшікте,25,9% – мемлекеттік, 1,7% – шетелдік меншікте.
Студенттер
2022-2023 оқу жылының басында студенттер саны 578,2 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер –308,6 мың адам немесе 53,4%.
Студенттердің жалпы санының күндізгі бөлімінде 98,5%, сырттай –0,7% және кешкі оқу түрінде0,8% оқиды. Мемлекеттікжоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі 21,7%, жеке ұйымдарда-77,5%, шетелдік ұйымдарда – 0,7%. Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша есепті оқу жылында мемлекеттік білім беру гранты бойынша 213,4 мың адам немесе 36,9%-ыоқиды, ақылы білім беру қызметтерін 364,9 мың адам немесе білім алушылардың жалпы санының 63,1% алады.
2022-2023 оқу жылының басында қабылданған студенттер саны 163,5 мың адамды құрады, оның ішінде әйелдер – 86,2 мың адам немесе 52,7%. Оқуға түскен студенттердің жалпы санының 68,6% – жалпы орта білім беру базасында, 20,2% – техникалық және кәсіптік білім беру базасында және 11,2% – жоғары білім беру базасында қабылданды.
Есепті жылы қабылданған студенттердің жалпы санының 1,7% ТМД елдерінен, 1,2% алыс шет елдерден келді; Қазақстан Республикасынан қабылданған студенттердің үлесі 97,1% құрады.
Қаладан тыс жерлерден келген студенттердің жалпы саны 295,1 мың адамды құрайды,олардың 24,8% жатақханаларда тұрады, ал 40%жатақханаға мұқтаж. 2022-2023 оқу жылының басында 555,7 мың адам немесе студенттердің жалпы санының 96,1% Қазақстан Республикасының тұрғындары, 11,1 мың адам немесе 1,9% ТМД елдеріненжәне11,4 мың адам немесе 2% алыс шет елдерден келді. Студенттердің ең көп саны Өзбекстаннан (1,4%) және Үндістаннан (1,3%).
Магистранттар
2022-2023 оқу жылының басында магистранттардың жалпы саны 35,7 мың адамды құрады, оның ішінде 21,7 мың адам немесе 61% – әйелдер. Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 19,1 мың адам немесе магистранттардың жалпы санының 53,7% оқиды, ақылы білім беру бөлімінде 15 мың адам немесе 42% оқиды. Магистратураны бітіріп шыққандар 22,2 мың адамды құрады, оның ішінде диссертация қорғағандар – 20 мың адам немесе 90,1%.
Докторанттар
2022-2023 оқу жылының басында докторанттардың жалпы саны 6,2 мың адамды құрайды, оның ішінде 63% – әйелдер. Есепті жылы қабылданған докторанттардың саны 1711 адамды құрады, ал белгіленген мерзімнен жоғары даярлықтан өткен докторанттардың саны – 408 адам. Бітіріп шыққан докторанттар саны
1536 адамды құрады, оның ішінде диссертация қорғағандар – 15,2%.
Оқытушылар
2022-2023 оқу жылының басында республиканың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында36,4 мың оқытушы жұмыс істеді, оның ішінде магистрлер – 39%, ғылым кандидаттары – 29%, доценттер – 13%, философия докторлары (PhD) – 10%, ғылым докторлары – 7%, профессорлар – 6% және бейіні бойынша докторлар- 1%.