Онлайн транзакция көлемі 34 пайызға өскен
Заманауи технологиялық әлемде электронды сауда күн сайын танымал болып келеді. Коронавирус пандемия бұл процесті одан әрі жеделдете түсті. Карталар мен гаджеттер арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу айналды. Мәселен, биыл тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда онлайн режимінде (интернет және ұялы телефон арқылы) 3,8 млрд төлем транзакциясы жүзеге асырылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,7% артық. Сонымен қатар жалпы 2021 жылы 4 млрд-тан астам транзакция жүзеге асырылды.
Онлайн төлемдер көлемі осы кезеңде 44% өсіп, 59,2 трлн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың жалпы көлемімен бірдей дерлік.
Интернеттегі төлемдердің бұл өсімі электронды сауданың күшті өсуімен қатар жүрді. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алған интернет пайдаланушылардың үлесі 2020 жылғы 17,7%-дан 2021 жылы 19,3%-ға дейін өсті. Яғни әрбір бесінше пайдаланушы деген сөз.
Айта кету керек: интернеттен жиһаз, электроника, тұрмыстық техниканы қоса алғанда, үлкен тауарларды, сондай-ақ киім-кешек, тұрмыстық заттар және барған сайын азық-түлік өнімдерін көбірек сатып алады. Сонымен, қазақстандықтар арасында онлайн-сатып алу танымалдылығы бойынша бірінші орында киім-кешек, аяқ киім және спорт тауарлары (пайдаланушылардың 63,6%-ы өткен жылмен бірдей дерлік), ал азық-түлік тауарлары екінші орында (пайдаланушылардың 48,4%-ы, бір жылда көрсеткіш 3,5 п. т. өсті).