Биылғы қаңтар–қазан айларында елімізде «Алаяқтық» бабы бойынша (ҚР ҚК 190-бабы) 37,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 7,1% артық.
Анықтама үшін: 2021 жылдың осы кезеңінде 34,8 мың алаяқтық оқиғасы тіркелді, жылдық өсім 28,7%.
Биыл осындай қылмыстық құқық бұзушылықтардың жартысына жуығы — жалпы көлемнің 47,4%-ы — интернет-алаяқтық істері: 17,7 мың құқық бұзушылық. Сондай-ақ, төлем карталарымен 244, қарыз алу бойынша 91, несие беру бойынша 47, жылжымайтын мүлікке қатысты 1 алаяқтық жағдай тіркелген.
Өңірлер бойынша «Алаяқтық» бабымен қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген: 8,7 мың оқиға — бір жыл бұрынғыдан 20,5% артық.
Одан кейін Астана (5,7 мың жағдай, 10,6% көбейген) және Шымкент (3,5 мың жағдай, 11,2% көбейген) кірді.
Мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең азы жаңадан құрылған өңірлер — Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында тіркелген. Айта кетейік, жаңа өңірлер биыл жыл ортасында ғана құрылған, статистиканың аздығы содан.
Биылғы қаңтар–қазан айларында «Алаяқтық» бабы бойынша құқық бұзушылықпен келтірілген зиянның мөлшері 95,8 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан 88,3% көбейді.
Зиянның басым бөлігі жеке тұлғаларға келтірілген: бір жыл бұрынғы 38 млрд теңгенің орнына 64 млрд теңге. Құндық мәндегі жылдық өсім 68,4%.
Алаяқтық әрекеттер заңды тұлғаларға келген зиян бір жыл бұрынғы 4,3 млрд теңгенің орнына 23,2 млрд теңгеге, мемлекетке бір жыл бұрынғы 8,5 млрд теңгенің орнына 8,6 млрд теңге болды.