Экономикаға берілген несие көлемі артып келеді
Биыл қараша айының басына екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) экономикаға берген несиесі 21,5 трлн теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,9% артық. Бұл өте маңызды өсім. 2021 жылдың қазан айында өсім 19,1 пайызды құраған. Жалпы, Қазақстандағы несиелендіру қарқыны тұрақты түрде өсіп келеді, деп жазады ranking.kz.
Айталық, 2014-2018 жылдары Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің несие портфелі 12-13 трлн теңге шегінде болса, 2019 жылдан бастап біртіндеп өскені байқалады. Алдыіңы жылы және биыл өсім қарқыны жоғары болған.
Елдің бүкіл аймағында экономикаға несие беру өскені байқалады. Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысы (55,6% көбейіп, 338 млрд теңгеге жетті), Астана (40,1% өсіп, 3 трлн теңгеге жетті) және Ақмола облысында (34,4% өсіп, 400,2 млрд теңгеге жетті) тіркелген.
Несие берудің өсімі барлық сегменттерде байқалады. Ипотекалық несиелер бір жылда 47,1% өсіп, 4,4 трлн теңгеге жетті. Өз кезегінде тұтынушылық несиелер, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің ШОБ субъектілеріне берілген несиелері бір жылда 25,2% өсіп, 7,3 трлн теңгеге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер 31,4% өсіп, 4,3 трлн теңгеге жетті.
Биыл қазан айының соңында экономикаға берілген қарыз бойынша мерзімі өткен берешектің үлесі бір жыл бұрын 3,6% болған. Ал 2020 жылы – 6,7%, 2019 жылы – 6,85%, ал 2011–2014 жылдары ол тіпті 20%-дан асып кеткен.
Айта кету керек, несие көлемі ғана емес, сонымен қатар несие портфелінің сапасы да артып келеді, бұл нашар несиелердің азайыр келе жатқаны дәлел.
Берілген несиемен қатар. банктердің депозит тарту түріндегі қорлануы да артып келеді. Мәселен, биыл қазан айындағы жағдай бойынша ҚР ЕДБ-дегі депозиттер 26,6 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,8% артық. Ал 2019 жылғы «коронадағдарыс» алдындағы уақытпен салыстырғанда депозиттердің өсімі 64,1% құрады.
Ел банктерінің несие портфелі геосаяси шиеленістерге, экономикалық өсудің баяулауына, өткен жылғы жоғары базаға және әлемде де, Қазақстанда да ақша-несие саясатының қатаңдатылуына қарамастан өсіп жатыр.
Базалық мөлшерлеме өскеннен кейін қарыз алу құны да өскен. Осылайша, заңды тұлғаларға теңгелік кредиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме 2021 жылғы қазандағы 12%-дан 2022 жылғы қазандағы 17%-ға дейін өсті.
Айта кетейік, 2022 жылғы 5 желтоқсанда ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені +/- 1 п.п. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Қазіргі шешім болжамдар мен нақты деректерді талдауға негізделген. Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі және оның салдары түріндегі экологиялық факторлар, сондай-ақ әлемдегі азық-түлік бағасының тұрақты жоғарылығы негіз болды.