Үкіметтік емес ұйымдарға қаржылай гранттар қалай беріледі?

Жарияланды
Заң 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді

Азаматтық қоғам саласындағы маңызды міндеттердің бірі – мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әлеуметтік саладағы тиімді әріптестігін дамыту. Осы орайда, мемлекет тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) әлеуетін одан әрі дамыту мақсатында құқықтық базаны жетілдіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахметтің айтуынша, биыл үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қаржылық қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру шеңберінде гранттық қаржыландыру жүйесі қайта қаралды.

«Заң нормаларын жүзеге асыру шеңберінде Министрлік азаматтық қоғам саласындағы сарапшылармен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесе отырып гранттық қаржыландырудың жаңа қағидаларын әзірледі. Мемлекет басшысы заңға 4 шілдеде қол қойды. Қажетті құқықтық-нормативтік база дайындалып, олар 1 қаңтардан бастап іске асырылады», деді спикер.

Айта кетейік елімізде барлығы 17 мыңнан астам ҮЕҰ жұмыс істейді, 21 мыңнан астам қоғамдық ұйым тіркелген. Бүгінгі таңда азаматтық секторда жұмыспен қамтылғандар саны 25 мыңға жуық адамды құрайды.

Қазіргі уақытта ҮЕҰ-ды мемлекеттік қаржылық қолдаудың үш негізгі бағыты бар:

  • «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – 2005 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимылының әлеуметтік жобаларды іске асырудағы тиімді тетіктердің бірі. Бұл ретте қаржыландыру көлемі соңғы 5 жылда 20%-ға артты, жыл сайын әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша орта есеппен 2 мыңға жуық жоба іске асырылуда.
  • Екінші бағыт – сыйлықақылар республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін 2017 жылдан бастап ҮЕҰ-ға беріліп келе жатқан ақшалай сыйлықақы. 2022 жылы сыйлықақылар жалпы сомасы 95 млн теңгеге 14 бағыт бойынша 54 ҮЕҰ-ға берілді.
  • Үкіметтік емес ұйымдарға арналған грант – әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін тарту мақсатында берілетін қаражат. Ол гранттық қаржыландыру саласындағы оператор – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы, гранттарды іске асыру кезеңінде 2016 жылдан бастап гранттық қаржыландыру көлемі 10 есе ұлғайып, жобалар саны 6 есе өскен. Биыл жалпы сомасы шамамен 2 млрд теңгеге 60 гранттық жоба іске асырылыпты. Ал келесі жылдан бастап ҮЕҰ-ға гранттар беру жүйесі мемлекеттік электрондық портал арқылы жүзеге асырылмақ.

Бұған дейін гранттық қаржыландыру форматы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігімен ұқсас болып келді. Осыған байланысты халықаралық тәжірибе негізінде гранттық қаржыландырудың бірқатар жаңа тетіктері енгізілді.

«Біріншіден, жаңа формат бойынша мемлекеттік органдар өзекті мәселе мен күтілетін нәтижелерді көрсете отырып, гранттарды бағыттар бойынша топтау арқылы қалыптастырады. Ал шешу жолдарын ҮЕҰ конкурсқа қатысу барысында өздері ұсынады. Осылайша, 2023 жылы Министрлікпен азаматтық қоғамды, дін саласын, сондай-ақ жастар саясатын дамыту бағыттары бойынша жаңа тәсілдер аясында гранттық жобаларды іске асыруға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда. Сондай-ақ Министрліктің тапсырысымен 2021 жылдан бастап 10 ұзақ мерзімді грант іске асырылуда, олар 2023 жылы да өз жалғасын табады деп жоспарлануда. Екіншіден, гранттар берудің сараланған тәсілін айқындауға мүмкіндік беретін гранттардың сараланған жүйесі енгізілді. Грант түріне байланысты қаржыландыру көлеміне, іске асыру мерзімдеріне, конкурсқа қатысу шарттарына, есептілікке әр түрлі талаптар айқындалды», деді спикер.

Сонымен қатар гранттық саясаттың салалық тәсілін кеңейту мақсатында орталық мемлекеттік органдарға да оператор арқылы гранттар беру құзыреті берілді. Бұдан бөлек, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен гранттардың тиімділігін бағалау тетігі енгізілді, ол жобалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және кейіннен гранттарды қалыптастыру үшін негіз болады. Бүгінгі таңда гранттар беру бойынша өтінімдерді қабылдау және өңдеу процесін автоматтандыру шеңберінде гранттар мен сыйлықақыларды басқару сервистерін құру бағытында жұмыс жүргізілуде. Келесі жылдың екінші жартысынан бастап гранттар беру жүйесі мемлекеттік электрондық портал арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі кезде арнайы платформа әзірленіп жатыр.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғам төрағасы Ғалым Құрманның пікірінше, 2022 жылы ҮЕҰ үшін бөлінген гранттар санының ұлғаюы, сондай-ақ бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен гранттық қаржыландыру көлемінен 2 есеге өсуі байқалады. Биыл 10 мемлекеттік және жеке тапсырыс берушілердің 2,2 млрд теңгеден астам сомаға 102 гранты іске асырылды. Сонымен қатар 16 конкурс шеңберінде ҮЕҰ-ның қамтылуы 1,5 есеге ұлғайып, 461 ҮЕҰ-нан 685 өтінім келіп түсті.

«Гранттық жобалар 14 әлеуметтік бағыт бойынша жүзеге асырылып, еліміздің барлық өңірін қамтыды. Грант алуға еліміздің 13 өңірінен 83 ҮЕҰ өкілі қатысты. Уәкілетті орган ағымдағы грант шеберінде 1 млн теңгеге дейінгі 634 шағын грант алды. Оның ішінде, Zhas Project проджект жобасы бойынша 252 шағын грант», деді Ғалым Құрман.

Бүгінгі күні жобаларды іске асыру шеңберінде мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

  • 343 млн теңгеге Еңбекақы төлеу қорымен 500-ден аса жұмыс орны құрылды, 660 астам әлеуметтік қызметтер орталығы құрылды, халықтың түрлі топтары үшін 500-ден аса оқыту іс-шарасы өткізілді, 32 мыңнан астам бенефициар нақты көмек алды.
  • Биыл алғаш рет ҮЕҰ үшін ЖАО-дан өңірлік гранттар ұсынылды. Маңғыстау, Қарағанды, Атырау, Қостанай облыстарында 8 ЖАО-дан 222,3 млн теңгеге 27 грант берілді.
Сондай-ақ оқыңыз