Елімізде кітап бағасы 16,5% -ға өсті

Жарияланды

2022 жылғы қарашада Қазақстанда өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда кітаптар 16,5 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық Статистика бюросы хабарлады.

Өңірлік бөліністе кітап бағасы Ақмола облысында ең қатты өскен – 43,4%. Сонымен қатар ең жоғары өсім байқалған өңірлер бестігіне Түркістан облысы (41,4%), Астана қаласы (38,3%), Қостанай облысы (28,9%) және Атырау облысы (24,9%) кірді. Баға Маңғыстау облысында ғана өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, соңғы 10 жыл ішіндегі ең жоғары қымбаттау (жылдық) 2016 жылдың тамызында тіркелді. Ол кезде баға 26,4%-ға өсті.

Естеріңізге сала кетейік, республикада 3 920 кітапхана жұмыс істейді, оның төртеуі – электрондық.

Сондай-ақ оқыңыз