Илон Маск Twitter басшысы қызметінен кетуге уәде берді

Жарияланды

Илон Маск Twitter-ді қолданушылар арасындағы дауыс беруінің қорытындысы бойынша, Twitter басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Бірақ, мұрагерді тапқаннан кейін ғана. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Осы жұмысқа келісетін ақымақ табылған бойда басшы қызметінен кетемін. Осыдан кейін мен тек бағдарламалық жасақтама мен серверлер тобына жауапты боламын »,- деді Макс.

Маск жексенбіде Twitter-де бастаған бұл сауалнамада қатысушылардың көпшілігі – 57,5%-ы Масктың Twitter-ді басқарудан бас тартуын қолдады. Сауалнамаға 17,5 миллион қолданушы қатысты (бірақ көбісі сайлаушылар арасында боттардың көп екенін айтты).

Илон Маск әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің бірі Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алды. Маск Twitter-ді түбегейлі қайта құруға уәде берді, бірақ оның барлық әрекеттері жанжалға айналды.

Сондай-ақ оқыңыз