Жаңалықтар

Ұлыбританияда Карл III портреті бар алғашқы банкноттардың тұсауы кесілді

II Елизавета патшайымның бейнесі бар банкноттар да заңды төлем құралы болып қала береді

Англия банкі 2024 жылдың ортасынан бастап айналымға енетін Король Чарльз III бейнеленген алғашқы банкноттарды таныстырды, деп хабарлады Sky News.

5, 10, 20 және 50 фунт стерлингтік жаңа купюралардың бет жағында Чарльз III бейнесі пайда болды. Дегенмен, телеарна атап өткендей, дизайн бұрынғы банкноттардан ерекшеленбейді.

Марқұм II Елизавета патшайымның бейнесі бар банкноттар заңды төлем құралы болып қалатыны, ал банк оларды ескірген кезде ғана пайдаланудан алып тастайтыны атап өтті. Королеваның портреті алғаш рет 1960 жылы британдық банкноттарда пайда болды.

Желтоқсан айының басында Ұлыбританияда Король III Карлдың суреті бейнеленген 50 пенс монеталары айналымға енді. Банкноттардағы сияқты Елизавета II портреті бар монеталар заңды төлем құралы болып қалады.