Жаңалықтар

3×4 фотосына түсу қызметі 15% қымбаттады

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады

Жүргізуші куәлігі немесе жеке куәлік үшін суретке түсу қазір талап етілмейді, алайда 3×4 фотосуретіне қажеттілік әлі де бар.

Қараша айында фотографтардың бұл қызметі орта есеппен 561 теңгеден болды.

Бұл өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда 15%-ға көп. Өңірлік бөліністе ең жоғары баға Жезқазған қаласында болды – 800 тг.

Сонымен қатар, құжатқа арналған фото Атырау (707 тг), Қызылорда (667 тг) және Астана (641 тг) қалаларының тұрғындары үшін қымбатырақ болып тұр. 3*4 суретіне түсі ақтөбеліктерде ең арзан болып шықты – 378 тг.